• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
15 Қыркүйек, 2018

Головкин  мен Альварес жекпе-жек алдындағы міндетті салмақ өлшеу рәсімінен өтті

308 рет
көрсетілді

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен мексикалық Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) жекпе-жек алдындағы міндетті салмақ өлшеу рәсімінен өтті, деп хабарлайды Sports.kz.

Головкиннің салмағы 159,6 фунтты (72,39 келі), «Канело» - 159,4 фунтты (72,3 келі) көрсетті. Салмақ өлшеуден соң боксшылар бір-бірін көзбен атысты. Мұның соңы жақсылыққа соқтырмады. Олар төбелесуге шақ шақ қалды, ал командаластарының арасында да осындай жағдай болды.

Рематч  15 қыркүйекте (Қазақстанда -  16 қыркүйекте таңертең) Лас-Вегастағы T-Mobile Arenaда өтеді.